Қарағанды колониясында алғашқы электронды дүкен пайда болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында сотталғандар үшін тағы бір жаңалық енгізілді. Енді жазасын өтеп жатқан азаматтар арнайы электронды дүкен арқылы өздеріне қажетті тауарларды сатып ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/5 мекемесінде облыстағы алғашқы электронды дүкен өз жұмысын бастады. Жаңашылдықтың бастамашысы мекеме басшылығы мен облыстың мамандандырылған прокуратурасы болды.

Сотталғандардың өздері ұсынылған тауарлар ассортиментімен танысып, алғашқы сатып алуларын жүзеге асыра бастады. Тауарды сатып алу үшін сотталғандар терминал арқылы логин мен пароль енгізеді, жеке кабинетке түседі, мекемені, одан әрі санатты таңдайды және қажетті тауарды таңдайды. Расталғаннан кейін тапсырыс базаға түседі де, оны менеджер өңдейді, тауарлар тізімі жиналып, мекемедегі тапсырыс беру орнында жеткізіледі.

Сонымен қатар, сотталушының туыстары электронды дүкеннің веб-сайты арқылы тапсырыс бере алады. Бұл ретте сотталған адамды ұстау шарттары ескеріледі. Оның қанша сомаға тауар ала алатыны осыған байланысты болады. Дүкеннің ассортименті қатаң түрде сотталғандарға ҚР ІІМ «ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген заттар мен тауарлардың тізіміне сәйкестендірілген.

«Мен Семей қаласының тумасымын. Туыстарым маған әрдайым келіп, сәлемдемелер бере алмайды. Бірақ электронды дүкен арқылы олар менің шотымды толтыра алады, немесе өздері маған өнімдерді таңдай алады, бұл өте ыңғайлы қызмет», - деп атап өтті АК-159/5 мекемесінде отырған сотталған азамат.

Көбінесе сотталғандар темекі өнімдерін, тәттілер мен еттен жасалған жартылай фабрикаттарын сатып алады.


Соңғы жаңалықтар