Қарағанды кітапханалары электронды жүйеге көшіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық кітапханалар электронды үлгідегі жұмыстарға ауысып жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының жетекшісі Еркебұлан Ағымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкім сайтына сілтеме жасап.

Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін кітапхана қорындағы кітаптар цифрланып, ғаламторға жариялануда.

«Сандық жүйеге ауысқан кітапханалар бүгінгі таңда ең тиімді және сұранысқа ие ресурстар болып табылады. Кітапхана қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жылдам дамуы халық арасында сұранысқа ие. Қарағанды облысында электронды кітапхана қолданушаларының саны жыл басынан бері 64772 адамды құрады»,-дейді Еркебұлан Ағымбаев.

Электронды форматқа ауысы бойынша жұмыстар бірнеше жыл бұрын басталған.

«Бұл бағытта біздің кітапхана бұрыннан жұмыс жасап жатыр. Кітапдарды цифрландыру бір жағынан қорды сақтау үшін қажет. Бүгінгі кітапхана 80-90 жылдардағы кітапханадан ерекшеленеді. Қазір бізде барлық жерде компьютерлер тұр, 2003-ші жылдан бастап электронды каталог жұмыс жасайды, ғаламторда кітапханамыздың сайты бар, оқырман залында wi-fi жұмыс істейді. Мұның барлығы оқырмандарымыз үшін жақсы жағдайлар жасау және алға жылжу үшін қажет»,-деп түсіндірді «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ жетекшісі Баян Уатаева.

Кітапхана сайтында оқырмандар оқуға алған кітаптың мерзімін ұзарта алады, ккеңесшіге сауал қойып, кітапханада өтетін акциялар туралы біле алады.

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы да электронды жұмыс форматына ауысып жатыр.

- Біз 2002-ші жылы өлкетану бойынша кітаптарды электронды форматқа ауыстыра бастадық. Осылайша біз виртуалды кітапханаға жылжудамыз. Дегенмен, кітапхана өз қызметін жоғалтпайды, ол - әңгімелесу орну, кітаптар қоймасы және білім ортығы болып қала береді. Бізде «Сары-Арқа» электронды кітапханамыз бар, әр оқырман ол жерден облысымыздың тарихына қатысты кез келген мақаланы немесе кітапты ала алады,-дейді Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ғылыми хатшысы Валентина Пак.

Оның сөзінше, электронды кітапхананы құру кезінде олардың мақсатты және оқырмандық негізін, құрамын және құрылымын, электронды құжаттардың каталогизациялық технологиясын, бағдарламалық қамсыздандыруы мен басылымдарды жинау басымдығын ескеру керек.

«Электронды кітапхананы ұйымдастырудағы басты мәселе, ол - авторлық құқық. Біз жарияланғанына 70 өткен, оның өзінде жазушының мұрагерлері қарсы болмаса ғана кітапты цирфландырып, ғаламторға сала аламыз. Электронды формат - заманауи кітапханаларды дамытудың негізгі басымдығы»,-дейді Валентина Пак.

Виртуалды кітапхананы жасауда қызметкерлерге кедерді келтіретін тағы бір мәселе - ол кадрлар мен материалдық-техникалық базаның жетіспеуі.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының мәліметтері бойынша 2018-ші жылы облыс бойынша кітапханаға тіркелгендер саны 144 207 оқырманды құрайды. Олардың 52 371 ауылдық жерлерде тұрады.

Соңғы жаңалықтар