Қарағанды қаласының шекарасын кеңейту жоспарланып отыр

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бұқар жырау ауданының 281 гектар жерін қосу арқылы Қарағанды қаласының шекарасы ұлғаюы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша Қарағанды қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасына Бұқар жырау ауданы жерінің 281 гектар бөлігін қосу арқылы Қарағанды облысы Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары өзгертілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкім қаулысы мен қалалық маслихаттың бірлескен шешімінде.

Құжат 26 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жерді қосу есебінен Маңғыстау облысының шекарасы кеңейтілген еді.


Соңғы жаңалықтар