Қарағанды қаласында бірнеше көшедегі үйлер жылусыз қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында жерасты құбыры жарылды. Нәтижесінде бірнеше көше аз жылыту режіміне ауыстырылды. Сондай-ақ апат салдарынан «Теплотранзит» ЖШС үш қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 қаңтарда сағат 13: 00-де М3 жылу магистралінің жер астындағы құбыры жарылды.

Апат салдарынан М. Мамыраев, Көгілдір тоған, Оңтүстік-Шығыс сектор, Гончарная, Зональная, Орлов, Молоков, Юбилейная, Новоселов, Комиссаров, Полетаев, Ермеков, Анжерская көшелері және Нұркен Әбдіров даңғылының бойындағы тұрғын үйлері төмен жылыту айналымы режіміне ауыстырылды.

«Ақауды жою үшін 6 апаттық-қалпына келтіру бригадасы, 11 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, бұрын осы учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін хабарлаймыз. Ақау шамамен 4 сағатта жойылады деп жоспарланып отыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп хабарлады Қарағанды қаласы әімдігінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар