Қарағанды қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің бір қаласында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, бейсенбі күні Қарағанды қаласында ғана жағымсыз метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар