Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік астанада ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік астанада ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.

Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау» бойынша тіркелді.

13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.

Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар