Қарағанды қаласында 33 мыңға жуық көшет отырғызылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан халқының бірлігі күні Қарағандының екі ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демалыстың екі күнінде қалада үш мыңға жуық көшет отырғызылуы тиіс. Ал ағымдағы жыл ішінде жасыл қорды 33 мың ағашпен толықтыру жоспарланып отыр.

«Жаппай ағаш отырғызу акциясы Қазыбек би және Октябрь аудандарында өтті. Бүгін Оңтүстік-Шығыста 800 пирамидалық терек отырғызылды, Майқұдықта, Пришахтинскіде және Сұрыптау шағын аудандарында шамамен 900 түп егілді. Олар мамықсыз және жақсы тамыр алады. Сондай-ақ, компаниялардың бірі өз еркімен қарағай отырғызды. Биыл біз 33 мыңға жуық ағаш отырғызып, қаланы көгалдандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл - бюджет есебінен өтемдік отырғызу және қарағандылықтардың бастамасы. Отырғызылған барлық ағашты суаруды өз мойнымызға аламыз. Мердігер олармен тамыр жайғанша айналысатын болады», – деп атап өтті қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.


Қаланы көгалдандыру акциясына облыс және қала басшылары, өңірлік ҚХА мүшелері, еріктілер мен тұрғындар қатысты.

«Ағаш отырғызу – ең пайдалы және қажетті акциялардың бірі деп есептейміз. Экологиялық іс-шараларға жастардың белсенді қатысқанын қалаймыз. Ал біз өз тарапымыздан ағаштарды суаруға көмектесетін боламыз», – деп уәде берді «Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы Ержан Хамитов.


Соңғы жаңалықтар