Қарағанды қаласы мен үш ауданда су тасқыны қаупі бар

None
Фото: t.me/qr_tjm
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы ТЖД жедел тобы су тасқыны кезеңіне дайындықты бағалау мақсатында Бұқар жырау, Абай, Шет аудандары мен Қарағанды қаласының су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алғашқы пункт Қарағанды қаласының Рабочий кенті болды. 2022 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде осы кентте қорғаныш білігі тұрғызылып, ұзындығы 7,2 км Солонка өзеніне санация жүргізілді.


Содан кейін Бұқар жырау ауданында Көкпекті, Байқадам, Жастлек, Ботақара елді мекендері қаралды. Шет ауданында - Айғыржал, Ақбастау, Пикет, Қайрақты, Біррек, Батық, Красная поляна, Нұраталды, Шопа, Аққияқ, Қызылқой, Бурма, Ақсу-Аюлы ауылдары, Абай ауданында - Абай қаласы және Тасзайымка ауылы», - деп жазды ТЖД-дан.


Айналып өту бағыты бойынша жолдардағы су өткізу құрылыстары, елді мекендерден қар шығару, каналдар мен траншеяларды кесу, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, автоматты тасқын су төгетін арналарды тазарту жұмыстары қолға алынған.

Су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда және бақылауда.





Соңғы жаңалықтар