Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Халел Әкімжанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халел Әкімжанов жаңа қызметте экономика, қаржы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және инвестиция тарту мәселелеріне жетекшілік ететін болады

Х. Әкімжанов 1991 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін үздік бітірген.

2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін «Astana» ӘКК» АҚ қызмет атқарды. Онда Активтерді басқару департаментінің жетекші менеджері, басқарушы директор-басқарма мүшесі қызметтерін атқарды.

Соңғы тағайындауға дейін «Сарыарқа «ӘКК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын және чех тілдерін еркін меңгерген.


Соңғы жаңалықтар