USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2020 жылғы 9 қаңтар 18:38
Бөлісіңіз:
Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып осы қызметке дейін Дін жөніндегі басқарма басшысы болған 46 жасар Нұрлан Бикенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Тағайындау конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүргізілген. Нұрлан Бикенов әкімнің орынбасары қызметінде Әлеуметтік сала блогына және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Ол 1973 жылы 26 ақпанда Нұра ауданында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар – биолог, тарихшы және экономист.
Еңбек жолын Нұра ауданының Куйбышев кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Содан кейін Захаровка ауылының мектебінде ұстаздық етті.
2001 жылы Мемлекеттік қызметке орналасты. Қатардағы маманнан бастап басшы лауазымдарына дейін еңбек жолынан өтті. Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды. 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT