+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

2020 жылғы 14 қыркүйек 12:02
Бөлісіңіз:
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков 2 айға қамауға алынды. Лауазымды тұлға мемлекетке 107 млн теңге көлемінде шығын келтірген деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында онлайн-тренинг өтті Биыл 284 адамға қатаң сөгіс жарияланды - агенттік Таразда ЖШС директоры 1,5 млн теңге пара үшін 45 млн теңге айыппұл төлейді

12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының тәртібінде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары – Жақсылық Шалабековті ұстады.

«Аталған тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасауда, атап айтқанда 2018 жылы Қарағанды қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша ірі панельді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу жолымен топ адаммен бірлесіп ұрлауда және талан-таражға салуда күдікті болып табылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қылмыстық әрекеттермен Жақсылық Шалабеков мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген. Қазіргі уақытта ол соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Тергеу жүргізілуде және оның барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT