Қарағанды қалалық мәслихатына алты партияның өкілдері өтті

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында қалалар мен аудандардың мәслихаттары депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қалалық мәслихатына 30 депутат сайланды. «Amanat» партиясының кандидаттары 17 орынға ие болды. Сонымен қатар, «Ақ жол», «Байтақ», «Respublica», «ҚХП» және «Ауыл» партияларының өкілдері өтті. Сайланғандар арасында алты өзін-өзі ұсынған кандидат бар.

Қарағанды қаласы мәслихатының жаңа құрамындағы депутаттардың орташа жасы – 44. Ең кішісі – 27, ең үлкені – 64 жаста. Төртеуі – әйел адам.

Жалпы, сайлау нәтижелерімен әкімдіктердің ресми сайттарында орналастырылған аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан танысуға болады. Сілтемелер толығымен мына жерде берілген.


Соңғы жаңалықтар