Қарағанды инспекторлары балықтарды құтқару үшін мұзды тесіп, саңылау жасап жатыр

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторларымен бірлесіп облыстың өзен-көлдерінде шұңқыр тесіп, мұзды бұрғылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балық құтқару шаралары Абай және Бұқар жырау аудандарында Кіші Сарыкөл мен Петровкада ұйымдастырылған.

Ол наурыз айының соңына дейін резервтік балық шаруашылығы су айдындарында жалғасады.

Суды оттегімен қанықтыру үшін саңылау жасау қажет. Қар мен аяз - судағы жануарлар үшін нақты проблема.

Себебі қалың мұз бен қар жамылғысы су объектілеріне оттегі мен жарықтың түсуіне кедергі болады, дейді мамандар.

Бұл балықтың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.

Мұндай құбылыстардың алдын алу үшін саңылауларды бұрғылау және оларды қамыспен толтыру арқылы балықтардың қырылуының алдын алу шаралары жүзеге асырылады.

Бұл ретте ауа өсімдіктер арқылы судың түбіне өтеді.

«Балық құтқару жұмыстары жыл сайын және тек резервтік су айдындарында жүргізіледі. Бекітілген саңылауларды табиғат пайдаланушылар бұрғылайды. Бүгінгі күні мемлекеттік инспекторлардың қорғауында 98 резервтік балық шаруашылығы су айдыны бар», - деп хабарлады Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шаралар су жануарларына соңғы аязды күндерден аман-есен шығуға және көктемгі мұздың еруін және су объектілерінің ашылуын күтуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар