Қарағанды хайуанаттар бағының ең қарт тұрғыны 32 жасқа толды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды хайуанаттар бағының ең кәрі тұрғыны - «Эму» атты түйеқұс биыл 32 жасқа толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зообақ жұмысшыларының айтуынша, түйеқұс Эму - Австралияны мекендейтін айдарлы түйеқұстар отрядының ең ірі өкілі. Оны тұрқына қарап, алып құс деуге болады, дегенмен Африка түйеқұсына қарағанда денесі шағындау. Бүкіл денесін қауырсын жауып тұрады. Алыстан қарағанда ұзын аяғы бар, жүріп бара жатқан шөп маясына ұқсайды.

Құсты 1986 жылы Дондағы Ростов зообағынан әкелген. 

«Келушілер үнемі оған назар аударады. Әсіресе балалар оны жақсы көреді. Ол да қонақжай, қашан қарасаңыз байсалды жүргені», - дейді зообақ жұмысшысы Толқын Сапар.

null

Соңғы жаңалықтар