Қарағанды хайуанаттар бағында аландарды заңсыз сатпақ болған үш адам ұсталды

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қаладағы хайуанаттар бағында жабайы жануарларды заңсыз сату фактісі орын алғаны жөнінде Қарағанды полициясына хабарлама келіп түсті, деп жазды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

Осы ақпарат бойынша облыстың криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ Криминалдық полиция департаментімен өзара бірлесіп мекемеден тыс жерде арыстандардың күшігін сатқан 22, 37 және 44 жастағы үш ер адамды ұстады. Олардан заттай дәлелдеме ретінде 6 млн теңгеге сатуға тырысқан екі арыстан тәркіленді.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 339-бабы «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз қарым-қатынас жасау» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта одан әрі тергеу шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар