«Қарағанды бұлттардан биік» бағдарламасы қанат қақты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда туризм мәдениетін дамытуға бағытталған жоба қанат қақты. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қарағанды бұлттардан биік» туристік бағдарламасының ашылуын қала әкімдігі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қаржыландырған. Жаңа Майқұдық МӘ мен «Теміртау жастар клубы» облыстық туристік клубпен бірлесіп ұйымдастырды. 

«Біздің міндетіміз - белсенді туризмді дамыту. Қазір бұл бағыт мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Біз алдымен жастар арасында туристік мәдениетке деген қызығушылықты жоғарылатуға тырысамыз. Екі жылдан бері белсенді туризм бойынша оқытушыларды дайындау бағытында семинарлар өткізіп келеміз. Осы уақыт аралығында 600-ден астам адам саяхаттарды ұйымдастыру біліктілігін арттырды. Бірқатар бағдарламалар әзірледік. 2000-нан астам оқушы ат үстінде жүруді үйренді», - деп атап өтті облыстық туристік клуб директоры, ҚР туризм және спорт саласының құрметті еңбеккері Сергей Кистанов.

Биыл Ақтоғай ауданындағы Бектау ата шатқалында орналасқан «Факел» сауықтыру лагерінде туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық форумы өтті. 

Клуб мамандары «Менің Отаным - Қазақстан» жобасы аясында балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту тұжырымдамасын құруға қатысты. Туризм негіздерін оқыту өлкетанумен тығыз байланысты. 
Міне, бұл мақсаттар «Қарағанды бұлттардан биік» туристік бағдарламасына негіз болды. Оның аясында тақырыптық семинарлар мен шеберлік-сыныптары өткізіледі. Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Арқар» туристік клубы құрылған. 

70 жастан құралған алғашқы топ жинақталды және Теміртауда олар оқуға кірісті. Оқыту аяқталған соң тәжірибелік бөлімі қарастырылған: тыңдаушылар Қарқаралыға барып, өз қолдарымен шатырлы лагерь тұрғызып, өздерін саяхатта сынай алады.

Соңғы жаңалықтар