Қарағанды билігі Американың үздік қалалары тәжірибесімен таныспақ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесу барысында өңір басшысы Ерлан Қошанов Қарағанды облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің америкалық үлгісін енгізу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір біз мемлекеттік қызметтерді дамыту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Облыс орталығында «ақылды» қаланың жобаларын енгізудеміз. Биыл цифрландыру бағдарламасы шеңберінде бірыңғай үйлестіру орталығы құрылады. Мұндай тәжірибе Джорджия штатының Сэнди-Спрингс қаласында бар. Біз онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі табысты іске асырылып жатқанын білеміз. Қаланы тек 7 адам басқарады, ал барлық дерлік муниципалдық қызметтер бәсекелі ортаға берілген», - деді Ерлан Қошанов.
null

Ол елшіден Америкадағы үздік шаһарлар тізімінде бар қаланың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берулерін сұрады. Уильям Мозер өз кезегінде ол ақпаратпен толығырақ бөлісуге уәде берді.

АҚШ елшісі Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік салаларында оң өзгерістер байқағанын атап өтті.

«Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға келер жолдың жақсарғаны қуантады. Кеше мен Теміртау қаласында болдым, металлургиялық комбинат пен №16 мектепте болып қайттым. Көргенімнің барлығы керемет әсер қалдырды. Білім деңгейі, жаңа технологиялардың енгізілуі - барлығы тамаша», - дейді Уильям Мозер.
null

Дипломат басым бөлігі Қарағанды облысының аумағынан өтетін жаңа газ құбырының құрылысы секілді ауқымды жобаның жүзеге асырылуы өте өзекті екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов АҚШ елшісімен инвестиция мәселесін талқылады.

null null

Соңғы жаңалықтар