Қарағанды басшылығы мердігерлерге 1500 шаршы метр жолды өз есебінен жөндетпек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өткен жылы жолдарды жөндеумен айналысқан қарағандылық мердігер компаниялар өз қаражаттарына 1500 шаршы метр жолдарды жөндеулері тиіс. Себебі олар төсеген асфальт кепілді мерзімі аяқталмай жатып жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды ҚазАқапарат тілшісі.

Қазіргі таңда Қарағандыда 152 жол кепілді мерзімде. Ол дегеніміз 2 млн 450 шаршы метр асфальт. Қалалық әкімдіктің мамандары өткізген тексерулердің қорытындысы бойынша 1500 шаршы метр жол жабыны қайта жөнделуі тиіс - ол жалпы көлемнің 0.06 пайызын құрайды.

«Барлық осы учаскелер бойынша мердігерлерге ұйғарым берілді. Олар ауа райы жақсарған бетте ақауларды өз есебінен жоюлары тиіс. Кепілдік мерзімі - үш жыл. Егер жөндеу жұмыстары нашар өткізілсе, кейін қайта қалпына келтірілетін болады», - деп түсіндірді Қарағанды әкімінің орынбасары Сәбит Оспанов.

Мердігерлердің өздері жол төсемінің тез бұзылуының себептері - сапасыз битум, қатал климат, еріген су және қозғалыс қарқындылығының жоғары болуы екенін айтады.

Биылғы жылы Қарағанды қаласында 16 қалалық және 18 орамаралық жолдар күрделі жөндеуден өтеді, оның 12-сі Октябрь ауданында және 6-ауы Қазыбек би атындағы ауданда орналасқан.

Сондай-ақ, биылғы жылы Магнитогорская және Карл Маркс көшелерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Онда асфальт толығымен ауыстырылып, су ағарлар, жаяу жүргіншілер мен техникалық тротуарлар жасалады.

Соңғы жаңалықтар