+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қарағанды-Балқаш тасжолын жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталады

2021 жылғы 27 қыркүйек 01:18
Бөлісіңіз:
Қарағанды-Балқаш тасжолын жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында биыл 1 500 шақырымнан астам жалпы пайдаланымдағы жолдарды, оның ішінде 674 шақырым республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Ірі учаскелердің бірі – Қарағанды – Балқаш трассасын қайта құру жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
UEFA Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» бірінші орынға көтерілді Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласында сарышаян қаптады Елордалық көлігін тұраққа қою үшін қанша уақытын жұмсайды

Жол жұмыстарының барысын Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов тексерді.

Бүгінде ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды – Балқаш жолында жұмыстар тәулік бойы жүріп жатыр. 1 400-ге жуық адам мен 687 арнайы техника жұмылдырылды. Кей жерлерде төрт жолақ бойымен көлік қозғалысы ашылды. Бұл 170 шақырымнан астам жол бөлігі. Қалған учаскелер бойынша екі жолақпен жүруге болады. Өткен жылмен салыстырғанда айналып өту жолдарының саны айтарлықтай қысқарды – бұрын 92 болса, қазір 15-ке дейін қысқарды. Бүкіл тас жол бойында айналма жолдар жалпы 25 шақырымды құрайды, алайда мердігердің құрылыс мерзіміне қатысты уәде етілген қарқыны сақталмауда.

«Құрылыстың мәлімделген мерзімдерінен артта қалып келе жатырсыздар. Жүргізушілердің айналма жолдарға қатысты шағымдары бар. Өзім де жүріп өттім. Мен мұның бәрін көріп отырмын. Уақытша айналма жолдарда автокөліктің қауіпсіз жүруі және үздіксіз қозғалысы үшін пішіндеу және шаңсыздандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Мен бұл бағытта сапалы жұмыс істеп жатқандарыңызды байқамадым. Жүргізушілердің қауіпсіздігі туралы да ұмытпаған жөн», – деді Жеңіс Қасымбек.

Мердігерлер өз кезегінде жағдайды түзетуге уәде берді. Сондай-ақ, құрылыс материалдарының бағасы бірнеше есе көтерілгенін атап өтті, сондықтан кейбір қаржылық қиындықтарға байланысты учаскелерде артта қалулар бар.

Шарт бойынша жол құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс.

Бүгінде 10 көпірдің 5-і, 330 су өткізу құбырының 310-ы салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT