+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қарағанды-Балқаш автожолын қайта жаңғырту жұмыстары биыл басталады

2019 жылғы 15 наурыз 22:37
Бөлісіңіз:
Қарағанды-Балқаш автожолын қайта жаңғырту жұмыстары биыл басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өткен жылдың қараша айында болған ірі апаттан кейін қайтадан өндірістік процеске кірісіп жатқан «АрселорМиттал Темиртау» комбинатына барып, сондай-ақ басқа бірқатар өндірістік кәсіпорындардың қызметімен танысты. Бұдан бөлек Роман Скляр Теміртау-Қарағанды автожолын қайта жаңғыртумен айналысып жатқан мердігерлермен кездесті. Осы жерде министрге өңірдегі жолдардың даму барысы айтылды.

«Қарағанды облысы өнеркәсіп өндірісінің өсімін көрсетіп отыр. Жаңа кәсіпорындар ашылуда. Бұдан бөлек, көлік логистикасы дамып келеді. Биыл Қарағандыны айналып өтетін жолдың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, биыл ұзақтығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш автожолы учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары басталады», - деді Роман Скляр.

Жалпы қайта жаңғыртуға 143 млрд. теңге қаржы жұмсалады, оның 2019 жылға 24,4 млрд. теңгесі бөлінді. Жобаны 2022 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.


Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен министр Теміртау-Қарағанды автожолында жұмыс істеп жатқан компанияны сынға алды. Біріншіден, мерзімі созылып кетті. Екіншіден, мердігерлер ақауға жол берді. Соның салдарынан жаңа жол учаскесінде жарық пайда болды. Мердігер компания «СейСер» келісілген мерзімде өз қаражаттары есебінен ақауды қалпына келтіріп, қайта жасауы тиіс. Олай істемеген жағдайда кәсіпорын «қара тізімге» ілінеді, деп ескертті Роман Скляр.

«АрселорМиттал Темиртауда» министрге металлургиялық комбинат бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өткен жылдың қуатына шығады деп баяндады. Күні кеше ғана үшінші конвертер қатарға қосылды. «АрселорМиттал Темиртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басиннің айтуынша, бүгінгі таңда тәулігіне 9,5 мың тонна болат өндіріледі. Биыл компания өнім өндірісін 3,8 млн. тоннадан 4,5 млн. тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Теміртау электр металлургиялық комбинатына барған кезде кәсіпорында дамыту жобасы талқыланды. Оның құны шамамен 5-7 млрд. теңгені құрайды. Комбинатта жаңа пештің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Ол ферроқорытпа өндірісін екі есеге арттыруға және өнім желісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Министр кәсіпорынның мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана алатын болады, деп уәде берді.

Сонымен қатар, Роман Скляр ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілген Қарағандыдағы құю машина жасау «Maker» ЖШС-ң қызметімен де танысты. Сондай-ақ ол«Фитохимия» АҚ халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі және «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-де болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT