Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Күдікті ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қонақүйдің шатырына орнатылған аттракционда әйелдің қаза болу ісіне байланысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 қазан күні «Созвездие» қонақүйінің аумағында қайғылы оқиға орын алған болатын. Тоғыз қабатты мейманхананың шатырына орнатылған аттракционда 25 метр биіктіктен секірген әйел көз жұмды. Ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Медициналық көмекке қарамастан, қаза болды. Полиция бұл іс бойынша тергеуді алдымен ҚР ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігі («қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету») бойынша қозғаған болатын. Алайда, кейін қылмыстық істі ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне («абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған әрекеттер») ауыстырды. Айыпталушы 4-8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін полиция қызметкерлері аттракционның нұсқаушысын қамауға алды.

«Тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», - деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.



Соңғы жаңалықтар