«Қарағанды аруы» титулын 17 жасар мектеп оқушысы ұтып алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 20 үміткердің ішінен «Қарағанды аруы-2016» титулының иегерін таңдады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null null
Ол №97 гимназияның 17 жастағы оқушысы Мария Пятина. Бойы - 174 см. Параметрі: 86х59х86. Қарсыластардың барлығы сұлу. Дайындық барысында достасып кеттік, бір-бірімізге жеңіс тіледік», - деді Мария Пятина.

Жас арудың айтуынша, подиумға шығу оңай болмаған. Ол қалыпты өмірде туфли емес, ыңғайлы аяқ киімді кигенді қалайтынын айтты. «Бәрі ойдағыдай болды. Өз күшіме сендім. Енді «Қазақстан аруы» байқауына әзірленемін. Жеңіске жеткім келеді», - деп атап өтті Мария Пятина.

null null  

Мектеп бітірген соң бойжеткен сән бизнесінде бақ сынағысы келеді. Байқау жеңімпазын 2004 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карпов марапаттады. Ұйымдастырушылар жеңіл атлет-спортшыны әділ қазылар құрамында болуға шақырды.

null  

 «Дағдарыс, әрине, сезіледі. Алайда біздің әріптестеріміздің арқасында байқауды өткіздік. Көп қызға 10 күнде биік өкшемен сәнді жүруді үйреттік, сұлулар арасында зілтеміршілер де бар екен. Бір жағынан қиын болды, бірақ олар бәрін жеңіп шықты», - деді «ART Line» модель агенттігінің директоры Мәдина Ахметбаева. 20 қарашада  Қарағанды аруы Астанаға республикалық байқауға қатысуға жол жүреді.

null  

Соңғы жаңалықтар