Қарағанды алғашқы көктайғаққа дайын болмай шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Алғашқы көктайғақ Қарағанды коммуналдық қызметтері мен автожүргізушілерін дегбірінен адастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Коммуналдық қызметтер қала ішіндегі және қала сыртындағы тас жолдарға инерттік материал, құм төсемегендіктен, жүздеген автомобиль көктайғақ салдарынан тіпті төмен жылдамдықпен де қозғала алмай қалған.

4 қазанда ылғал қар жаууының салдарынан жауған қардан қаланың ішіндегі және сыртындағы жолдар көктайғаққа айналды. Өңірде таңғы 11-ге қарай оннан астам ұсақ жол апаттары мен машиналардың жолдан шығып кету оқиғалары кездесті. Құрбан болғандар жоқ.

«Коммуналдық қызметтер қайда? Неге жолдарға құм төсемейді? Жолда олардың бірде-бірін көргенім жоқ», - деген көлік жүргізушілері реніштерін де білдіруде. Қарағанды әкімдігінің диспетчері қызметіндегілер қаладағы басты жолдарға құм тиелген арнайы машиналарды жөнелткенін мәлім етті.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, өткен тәуліктерде көктайғақтың салдарынан 28 жол-көлік оқиғалары тіркелген.

Соңғы жаңалықтар