Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабековтың ісі қайтадан сотта қаралды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соты қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен «ҚазМегаСтрой» құрылыс компаниясының директоры Ермек Қасеновке қатысты қылмыстық істі қайта қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қылмыстық іс 2020 жылдың қыркүйегінде қозғалған болатын. Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары мен кәсіпкерге екі көпқабатты үй салуға арналған 120 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды, деген айып тағылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының 2021 жылғы 8 маусымдағы үкімімен Шалабеков лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігі бойынша бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазасын қауіпсіздігі ең төменгі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынған еді.

Ал құрылыс компаниясының директоры Қасеновты сот 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Алайда, Бас прокурор қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының дұрыс қолданылмауына байланысты осы іс бойынша наразылық білдірді. Оның пікірінше, сотталғандардың іс-әрекеттері дұрыс сараланбаған. Осы себепті ол істі жаңа апелляциялық қарауға жібере отырып, бұрын шығарылған барлық сот актілерінің күшін жоюды сұрады.

Нәтижесінде Жоғарғы сот алқасы Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының 2021 жылғы 8 маусымдағы үкімінің және Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2021 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысының күшін жойып, қылмыстық істі соттың өзге құрамындағы апелляциялық сатыдағы сотқа, яғни жаңа сот қарауына жіберуге қаулы етті.

Бүгін Қазбек би аудандық соты қылмыстық істі 189-бап, 4-тармағына, яғни оларға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ысырап ету фактісі бойынша қарады. Бірақ сотталушылар өздері келтірген материалдық залалды толығымен өтегендіктен, Шалабеков лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, ал Қасенов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«Қылмыстық қудалау органы Ш. және К-ға сондай-ақ басқа адамдарға алдын ала сөз байласты деген айып тақты. Алайда, бұл біліктілік белгісі өзінің расталмады, себебі ол болжамдарға негізделген. Айыптаудың негізгі дәлелдері, жасырын тергеу әрекеттері және сотқа дейінгі тергеу кезінде өрескел процестік бұзушылықтарға байланысты бірқатар сараптамаларды сот жарамсыз деп таныды.

Сот үкімімен сотталушылардың әрекеті қайта сараланды:

Ш. ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауда, яғни ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануда кінәлі деп танылды.

Қ. мемлекеттік қызметке қатысы жоқ адам ретінде ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша алаяқтық жасауда, атап айтқанда, аса ірі мөлшерде ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ш-ның мемлекеттік қызметке қызмет етуіне тыйым салынып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қ-ға келтірілген материалдық залалдың толық өтелуін ескере отырып 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар