Қарағанды әкімі жасы жүзден асқан қарияларды құттықтады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Қарттар күнінде ұзақ өмір сүрген қарияларды құттықтап, сыйлықтар табыс етілді. Қаланың ең қарт тұрғыны Шолпан Жақыпова 114 жаста. Оған Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келіп, мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шолпан апа өмір бойы үй шаруашылығымен айналысқан. Ол көп балалы ана, бес баланы тәрбиелеп өсірген. Қазір 63 жастағы ұлының отбасымен тұрады.

Қонақтар 100 жастағы ардагер Алексей Пичуговтің де шаңырағында болып қайтты. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шекарашы болған. 2-ші Украин майданының құрамында ұрысқа қатысқан. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Киевті қорғағаны үшін» медалімен марапатталған. Бейбіт уақытта Ақтас автобазасында жұмыс істеді.

1 қазанда Қарттар күніне орайластырылған айлық басталды. Мемлекеттік қызметшілер аға буынды құттықтап, азық-түлік себеттерін тарту етеді.

Қарағандыда 81 394 зейнеткер тұрады.

Лайықты зейнетті қамтамасыз ету - мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Елімізде «Белсенді ұзақ өмір сүру» Ұлттық жоспары әзірленді.

Халықаралық қарттар күні БҰҰ бастамасымен 1991 жылдан бастап 1 қазанда атап өтіледі.


Соңғы жаңалықтар