Қарағанды әкімі Н.Әубәкіров «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалын басқарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

«Н.Әубәкіров Қарағандының Октябрь және Қазыбек би аудандарында әкім қызметін атқарды, Балқаш қаласының басшылығында да болды. Қазіргі кезде ол - Қарағанды қаласының әкімі. Ол сондай-ақ тиімді басқарушы, талантты ұйымдастырушы. Креативті, алғыр, нағыз нұротандық, өз елі мен қаласының патриоты», - деп сипаттады кандидатты қалалық партиялық конференцияның барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалындағы Саяси кеңес бюросының мүшесі Ерқара Аймағамбетов.

Конференция делегаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады. Сондай-ақ партия филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалын жемқорлық қылмыстарын жасауда айыпталып, қазіргі кезде қамауда отырған Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов басқарған.

Соңғы жаңалықтар