Қарағанды әкімі қала мектептерінің түлектеріне «Алтын белгі» тапсырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жұма, маусымның 18-і күні Қарағанды әкімдігінде қала мектептерінің үздік оқушыларын, «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шара барысында қала әкімі Бауыржан Әбдішев кездесуге қатысқан 43 оқушыға, үздік аттестат, төс белгі және алғысхат табыс етті.

«Ағымдағы жылы Қарағанды мектептерінің түлектері ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетті. Орташа балл 82,86-ны құрады және Қарағанды облысы қалаларының рейтингісінде бірінші орынға ие болды», деп атап өткен Б.Әбдішев түлектерге алғысын білдіріп, жоғары оқу орындарына түсу үшін сәттілік тіледі.

Барлық «Алтын белгі» иегерлері қалалық басшылық атынан сыйлыққа ұялы телефон алды. ҰБТ-дан ең жоғарғы 125 балдық көрсеткішті жинаған №38 гимназияның түлегі Екатерина Митькоға қала әкімі ноутбук сыйға тартты.

Ағымдағы жылы Қарағанды мектептерін 2448 оқушы бітірді, оның ішінде 43 түлек «Алтын белгі» иегері атаса, 8-і үздік аттестатқа қол жеткізді. Ал 400-ге жуық шәкірт ҰБТ-дан 100-бен 120 аралығында балл жинады. «Алтын белгі» алған түлектер қатарында әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберлігіне кандидаттар, халықаралық фестивальдар мен конкурстардың дипломанттары мен лауреаттары бар.

Соңғы жаңалықтар