Қарағанды әкімдігінде лаңкестікке қарсы оқулар өткізілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласында, соның ішінде қала әкімдігінде лаңкестікке қарсы оқулар өткізіліп жатыр, деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«2015 жылдың 31 шілдесінде сағат 08:30 бен 13:30 аралығында Қарағанды облысының лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штабы лаңкестікке қарсы оқулар өткізуді жоспарлап отыр. Шаралардың барысында күрделі жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау құрылымдарының өзара әрекеттестігін қарау көзделген», - делінген хабарламада.

Оқулардың нысаны ретінде Қарағанды қалалық әкімдігінің әкімшілік ғимараты мен Сортировка кентінің шетінде орналасқан көпқабатты бос ғимарат алынды.

Оқу-жаттығулар өтетін жерде көліктер мен адамдардың қозғалысына шектеу қойылады.

Соңғы жаңалықтар