Қарағанды әкімдігі ғимаратының терезесінен ер адам құлап, мерт болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласы әкімдігі ғимаратының 4-ші қабатында орналасқан терезеден 37 жастағы ер адам құлап кетті. Ол алған жарақаттарынан қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қарағанды қалалық әкімдігінің ғимаратында болған. 19 сәуірде 37 жастағы ер адам 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ведомствоның өзінде бұл деректі растады.

«Марқұм техперсоналдың қызметкері болған. Қайғылы оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Қарағанды қаласының әкімдігі тарапынан жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетілді. Әкімдіктің барлық қызметкерлерінің атынан марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - деді Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Ер адам туған жері Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында жерленді. Бүгінгі таңда полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізуде.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жағдай анықталуда», - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар