Қарағанды - Ақадыр учаскесінде пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды-Ақадыр учаскесінде пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК«АҚ баспасөз қызметі.

«21 сағат 03 минутта Қарағанды облысының Қарағанды-Ағадыр учаскесінің Қарабас аралығында вагондар жолдан шығып кеткеннен кейін үзілген пойыздар қозғалысы қайта басталды» делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бұл аралықта 6 сағат 15 минутта жүк вагондары жолдан шығып кеткен болатын. Соның салдарынан учаскеде қозғалыс тоқтатылған еді.

Компания жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Арнайы комиссия болған оқиғаға тексеріс жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар