Қара шайға нан батырып жейді: Алматы балабақшасын комиссия тексеретін болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласындағы балабақшалардың бірінде балаларға сапасыз тамақ берілетіні туралы видео желіге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео авторының айтуынша, сапасыз тамақ беретін балабақша «мемлекеттік» болып табылады.
«Мұнда балалар қара шайға нанды салып ішеді. Неге өз балаларына мұндай тамақ бермейді», - деп шағымданды видео авторы. Сондай-ақ видео астындағы жазбада бұл қаладағы №164 мемлекеттік балабақша екені жазылған.
Аталған мәселеге байланысты Алматы қаласының Білім басқармасы түсінік берді.
«№164 бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік балабақшасында балаларды тамақтандыру сапасыз ұйымдастырылады деген күдікке қатысты жан-жақты тексеру жүргізу үшін мониторингілік топ құрылды. 20 наурызға дейін бақылау комиссиясы өз жұмысын аяқтауы тиіс. Қазір Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға кетті. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланатын болады», - делінеді ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар