Қара алтын бағасы арзандады
2017 жылғы 5 қазан 08:55

Қара алтын бағасы арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында сәрсенбі күнгі электрондық сауда-саттықта мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда-саттық мәліметтеріне сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 0,2 долларға дейін арзандап, 55,8 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы желтоқсан айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 0,44 долларға арзандап, 49,98 долларды құрады.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT