Қар, жаңбыр: сенбі күнгі ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 5 қарашада Қазақстан өңірлерінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын болады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ күтіледі. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында мол қар түседі. Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.


Соңғы жаңалықтар