+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қар, тұман, күшті жел - жұма күнгі ауа райы

2021 жылғы 26 қараша 03:25
Бөлісіңіз:
Қар, тұман, күшті жел - жұма күнгі ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 қарашада атмосфералық ағындардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
6 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Көктайғақ, жел, жауын - жұмаға арналған ауа райы болжамы 7 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, кей кезде қатты нөсер жаууы ықтимал. Тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшеюі мүмкін.Тек республиканың батысында күн райы ашық болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаяу боран соғады, көктайғақ болады, түнде облыстың батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, асуларда желдің жылдамдығы 25 м/с жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с жетеді, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде, орталығында, оңтүстігінде бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жаяу борансоғуы мүмкін, оңтүстігінде – тұман түседі, солтүстігінде, шығысында, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының шығысында түнде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу боран соғады, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейіп, облыстың оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде жаяу боран соғады, жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Алматы облысының солтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жаяу боран соғады, облыстың солтүстігінде – тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында тұман түсуі мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT