Jańalyqtar
Қар, тұман, көктайғақ: Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады
2020 жылғы 24 қараша 19:28
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 25 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ болады.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, тұман, көктайғақ болжанады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жанбыр) болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Жамбыл облысында қарлы боран: шұғыл штаб құрылды
- Боранға байланысты Қапшағайдан ШҚО шекарасына дейінгі жол жабылды
- Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды
-
Түркістандық полицейлер боранда жолда қалған азаматтарға көмек беруде
-
Үш облыс аумағындағы бірқатар жол жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER