12:25, 29 Қаңтар 2021 | GMT +6
Қар, тұман, көктайғақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан бойынша 30 қаңтар-1 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, атмосфералық фронттар республиканың солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік аймақтарына әсер етеді.
Жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болып, жел күшейеді.
Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын жаумайды, күн ашық.
Республика бойынша кей жерлерде тұман байқалады.