Қар, тұман, көктайғақ: 25 қазанға арналған ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары 25 қазан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс антициклоны әлі де Қазақстанның шығыс жартысына әсерін сақтайды, сондықтан ол аймақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді.

Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстанның оңтүстігінде таулы аудандарда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жел күшейеді, солтүстік-батыста көктайғақ болады.

Елдің шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар