Кар Сити базарын тексерген алматылық полицейлер 5 қылмыскерді ұстады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда «Car city» базарына рейд жүргізген полицейлер 5 қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлер өткен сенбіде автобөлшек базарында кезекті тексеріс жүргізді. Шараға 600-ден аса ішкі істер қызметкері жұмылдырылды. 5 жедел тобы сауда нүктелерінен бөлек техникалық қызмет көрсету орындарын да тексерген.

«Учаскелік инспектор ізін суытпай мүлік ұрлау қылмысын әшкереледі. Қылмыс жасаған 1994 жылы туған К есімді азамат бұған дейін бірнеше рет сотталған. Бұдан басқа 149 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 126 адам аты-жөнін анықтау мақсатында ішкі істер органына жеткізілді. Өзбекстандық 10 азаматтың елде миграция заңын бұзып жүргені анықталды. Рейд барысында ата-анасынан жырақта жүрген, Қазақстанның басқа өңірлерінен келген 3 жасөспірім ұсталды. Бұл балалар кәмелеттік жасқа толмағандардың уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды»,-деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай тексерулер алдағы уақытты тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ. Ондағы мақсат - қаладағы қылмыстық ахуалды түзеп, заң талаптарын бұзғандарды ұстау. Біреудің мүлкін ұрлағандар, ұрланған заттарды сатумен айналысқандарды жазаға тартып, заңсыз миграция каналдарын анықтау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар