+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қар мен көктайғақ: Алматыда күн бұзылады

2021 жылғы 21 қазан 11:38
Бөлісіңіз:
Қар мен көктайғақ: Алматыда күн бұзылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күн райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматыда ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру қалай жүріп жатыр Алматыдан 626 км қашықтықта жер сілкінді

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы күндері Алматыда қар жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы төмендейді.

21 қазан күні қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 10 м/с жетуі ықтимал. Ауа температурасы күндіз плюс 16-18, ал түнде 8-10 градусты көрсетеді.

22 қазанда күн бұлтты. Жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Жолдарға мұз қатып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 10 м /с күшейеді. Ауа температурасы төмендейді.

Бұған дейін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті күн райына қатысты ескерту жариялаған болатын.

Ертең Алматы тауларында күндiз жаңбыр және қар жауып, найзағай ойнайды. Тұман түсіп, көктайғақ болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT