Қар күреуге шамасы жоқ мұқтаж жандар болса, мекенжайын айтыңыздар, көмектесеміз - Көлгінов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қар тазалау жұмысы қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһар басшысының Facebook парақшасындағы жазбасына сенсек, қазір қаладағы әрбір ауданда жеке секторды қардан тазарту жұмыстары күндіз-түні жүріп жатыр.

«Тұрғындар, ұйымдар ауласындағы қарды көше бойына шығарып қойса, біздің коммуналдық шаруашылық қызмет техникалары алып кетеді. Қазір ардагерлердің, қарттардың ауласын тазартуға волонтерлер көмектесуде. Оларға алғыс айтамыз. Егер қар шығару бойынша көмекке мұқтаж азаматтар болса, нақты мекенжайын көрсетулеріңізді сұраймыз», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Ол Байқоңыр ауданындағы бір көшеде түн жарымында атқарылып жатқан жұмыстың суреті мен видеосын оқырман назарына ұсынды.


Соңғы жаңалықтар