Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты Шымбұлаққа баратын жол жабылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қар көшкіні қаупіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын жолдар жабылып, бекеттер қойылды.
30 қараша күні жылымықтын әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін.
Құтқарушылар тұрғындарды қар көшкінін тудырмау үшін тау беткейлеріне шықпауға, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауда жаяу серуендеуден бас тартуға шақырады.
«Егер қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауылды ескерту хабарланса, ауа райы жақсы болғанша биік таулы аймақтарға серуенді кейінге қалдырған дұрыс. Егер сіз тауда болсаңыз, абай болу керек және ауа райының өзгеруін бақылап отыру қажет. Тау беткейлерінде қардың ығысуын, қардан түйіршіктерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн – бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, қар көшкіні болуы мүмкін екенін көрсетеді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар