Қар көшкіні Өскемен-Алтай автожолын жауып қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 қарашада қалың жауын-шашын мен қатты жел салдарынан «Өскемен-Алтай» автокөлік жолының 65-километрында алдын ала жабылған трассада қар көшкіні болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 26-28 қараша күндері аймақтың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бары ескертілді.


Соңғы жаңалықтар