Қар көшкіні қаупіне байланысты Алматы тауларына шығуға тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Үлкен Алматы (2500 метр биіктікте) және Кіші Алматы (2300 метр биіктікте) су алаптарында 20-22 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Қар көшкініне ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.

"Тауға шыққан жағдайда абай болыңыздар" деп ескертеді мамандар.

Соңғы жаңалықтар