Қар, көктайғақ, жел - 12 қарашаға арналған ауа райы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 12 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты елдің оңтүстік-шығысында қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел соғады. 

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерде тұман түсіп, қатты жел соғады.

 Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман болады. Ал Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.

Соңғы жаңалықтар