Қар, көктайғақ, тұман: Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
2022 жылғы 7 желтоқсан, 06:43

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 7 желтоқсан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер етеді. Соның салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауып, көктайғақ болады.
Елдің оңтүстігінде жел күшейеді, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP