+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қар, көктайғақ, шаңды дауыл – жұмаға арналған ауа райы

2021 жылғы 22 қазан 00:25
Бөлісіңіз:
Қар, көктайғақ, шаңды дауыл – жұмаға арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 3 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Дүйсенбі күнге ауа райы болжамы 4 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Атырау, Маңғыстау облыстары антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, күндіз Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтстігінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, облыстың солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болып, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауыл соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT