Қар, көктайғақ, боран – жұма күнгі ауа райы болжамы
«6 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жауын-шашын түсіп, солтүстікте, шығыста және оңтүстіктің кей жерлерінде қалық қар аралас жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ғана антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде – тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында 30 м/с және одан аса өтте қатты жел күтіледі», деліген ауа райы болжамында.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде 30 м/с және одан аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, коктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.