Қар, көктайғақ, боран: 3 желтоқсанға арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары 3 желтоқсан күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының кей жерлерінде қар жауады. Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады.

Бірқатар өңірлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді.

Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар