Қар, боран, жел - сәрсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме.
24 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Қар жауады, еліміздің солтүстігінде кей жерлерде түнде қалың қар түседі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында қар аралас жаңбыр жауады, тек батыста антициклон ықпалымен күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады, оңтүстікте және солтүстікте жел күшейіп, жылдамдығы 30 м/с асып кетеді.
Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, таулы аудандарда 30 м/с асып кетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғуы ықтимал, жел түнде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с асып кетуі мүмкін, күндіз 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады, желдің күші түнде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады, Қарағанды облысында күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ертең күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел күшейіп, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20 м/с болады, боранмен екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді, Шығыс Қазақстан облысында жаяу боран соғуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с, боранда екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаяу боран соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында екпіні 23 м/с жетеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.
- Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді
- Биыл көктемде Қостанай облысының 95 ауылын су басуы мүмкін
- Қазақстанның 10 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- 4 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы
-
СҚО-ның бірнеше ауданында жолдар жабылды
-
Ақмола облысының тұрғыны WhatsАpp арқылы қаржы пирамидасын құрған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам