Қар барысы жер бетінен жойылып бара жатқан жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін жойылуға жақын тұр саналып келген қар барыстарының саны арта бастады, деп жазады moya-planeta.ru.

Алайда, жануарларға бұрынғысынша браконьерлік және олардың мекендейтін орындарында олжаларын азайту түріндегі қауіп әлі де төніп тұр.

Қар барысы жойлуға жақын түрлер тізіміне 1972 жылы енген. Енді Халықаралық табиғатты қорғау одағы жағдайды үш жылдық бағалау нәтижесі бойынша сирек кездесетін мысықтардың мәртебесін өзгертті. Жабайы табиғатта 2500-ден астам ересек қар барыстары мекендейтіндігі және олардың саны артып келе жатқандығы анықталды.

Зерттеушілер жұмысын тұзақ камералар және спутниктік түсірілімдер сынды жаңа технологиялар жеңілдетті. Қар барыстары таудың ең биік шыңдарында мекендеп, адамдардан алшақ жүреді. Сол себепті оларды тірідей көру - үлкен олжа. 

Соңғы жаңалықтар